«Кәсіподақтың күші – бірлікте»
2026 жылғы 29 маусымда «Қазақстандық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Оразбекова Гульнар Бақдаулетовна Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының 30 жылдығына арналған «Кәсіподақтың күші – бірлікте» челлендж-эстафетасы аясында форум өткізді. Абай облысы бойынша салалық кәсіподақтың 21 бастауыш кәсіподақ ұйымының өкілдері, сондай-ақ Павлодар және Өскемен қалаларындағы салалық кәсіподақ ұйымдарының өкілдері қатысты.
Форум барысында «АОМА» КММ директоры Мусин Б.Т. «Салалық кәсіподаққа 30 жыл» медалімен, кәсіподақ комитетінің төрайымы Аубакирова М.Ж. «Кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен, архивші Козыбаева К.С. «Еңбек даңқы» медалімен марапатталды.
Челлендж одан әрі Павлодар облысының салалық кәсіподағына жолданды. Қатысушылар аталған іс-шараның өткізілу деңгейін жоғары бағалады.