Семинар тақырыбы «Цифрлық Қазақстан»
2026 жылғы 2 шілдеде «Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ-де «Alikhan Bokeikhan University» білім беру мекемесінің 3-курс студенттері (тәжірибеден өтушілер) үшін семинар өткізілді.

Семинарды «Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ директоры Мусин Б.Т. ашты. Өз сөзінде ол архив құжаттарын цифрландырудың маңыздылығын және ақпараттық жүйелерді пайдаланудың тиімділігін атап өтті.
Семинарды ұйымдастырушылар – толымдау және ведомстволық архивтер мен құжаттаманы тексеру бөлімінің басшысы Майкенова Б.Е. және архивист Ақшабаева С.К. студенттерге архивтің әр бөлімінің қызметі, кеңсенің Е-otinish және Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесі (ОДО) бағдарламаларындағы жұмысы, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың маңыздылығы, сондай-ақ «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» (Е-Архив) ақпараттық жүйесіндегі жұмыс туралы жан-жақты баяндап берді.

Қатысушылар назарына архив бойынша онлайн форматта экскурсия ұйымдастырылған бейнефильм ұсынылды.

Семинар соңында студенттер өндірістік тәжірибе барысында өздеріне бекітілген жетекшілерге алғыстарын білдірді.
