2026 жылғы 17 шілдеде Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ-де мекеме қызметкерлеріне арналған семинар өтті. Семинарды «Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ директоры Б.Т.Мусин ашып, қатысушыларға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Әділ Ерасыл Нұржанұлын таныстырды.

Іс-шара «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндіру» тақырыбында өтті.

Семинар барысында жоғарыда аталған Департаменттің өкілі мемлекеттік аппараттағы ашықтық, адалдық және айқындық қағидаттарын нығайтуға бағытталған негізгі превентивтік шараларды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тетіктерін түсіндірді.

Іс-шара барысында мүдделер қақтығысының алдын алудың жаңа тетіктеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, спикер «жеке мүдде» және «байланысты тұлғалар» ұғымдарының мәнін түсіндіріп, жақын туыстар мен байланысты тұлғалардың бірлесіп қызмет атқаруына қойылатын қолданыстағы шектеулерге тоқталды.

Сонымен қатар, қатысушылар назарына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы және оның құқықтық салдары туралы қысқаметражды фильм ұсынылды. Фильмде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы, оның ішінде қамауға алу және қылмыстық жауапкершілікке тарту сияқты құқықтық салдарлар көрініс тапты.

Семинар соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, ұсынылған ақпараттың алдағы кәсіби қызметінде практикалық маңызы зор екенін атап өтті.