Силин Николай Николаевич
Силин Николай Николаевич (1922-1999), Кеңес Одағының Батыры, Семей қаласында дүниеге келген. 1942 жылы Алматы қаласындағы пулеметшілер училищесін бітірді. Соғысқа 1942 жылдан бастап қатысты. 151 атқыштар полкінің батальон командирі (орталық майдан, 13-ші армия, 8-ші атқыштар дивизиясы) капитан Н.Силин 1943 жылғы 24 қыркүйекте Навозы селосы маңында (Чернигов облысы Чернигов ауданы Днепропетровское селосы) Днепр өзенінен соғысып өтті. Батальон шағын плацдармды басып алып, оң жағалауға берік бекініп алды және дивизияның негізгі күштерінің өтуін қамтамасыз етті. Кеңес Одағы Батырының атағы 1943 жылы 16 қазанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы жарлығымен берілді. Николай Николаевич Силин Ленин, Қызыл Ту, Александр Невский, І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталды.
