Өскемен қаласындағы мұғалімдердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы
2018 жылдың 30 наурыз күні Мұхтар Әуезов атындағы № 17 орта мектебінде «Субъективті ұстанымды қалыптастыру шарты - білім беру үрдісіне қатысушылардың инновациялық қызметі» атты ғылыми- тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараға қалалық білім беру ұйымдарының басшылары, директордың ТЭЖ жөніндегі, ТЖ жөніндегі орынбасарлары, мектеп мұғалімдері қатысты.
Конференция мақсаты - мұғалімдердің озық педагогикалық тәжірибесін анықтау, қорыту және тарату, қазіргі заманғы педагогтың жалпы, коммуникативтік және зерттеу мәдениетінің деңгейін арттыру, қазіргі білім берудің өзекті мәселелерін шешу жолдарын анықтау.
Конференцияда орта білім беру саласындағы заманауи тәжірибелер көрсетіле отырып, пленарлық және секциялық отырыстар түрінде өткізілді.
Пленарлы бөлімінде кәсіби байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтар мен білім беру бөлімінің мадақтамасымен марапатталды. Конференция соңында қала оқушылары өз өнерлерін көрсетті.






