Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Белсенді жасөспірім» балалар-жасөспірімдер клубтарының бастамашыл топтарының кездесуі

«Өскемен қаласы әкімдігінің «Жігер» Өскемен балалар-жасөспірімдер клубтарының бірлестігі» МКҚК «Балалардан балаларға» жобасы аясында жасөспірімдердің әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру туралы 2018 жылдың 30 наурызында «Спутник-6» балалар-жасөспірімдер клубында «Белсенді жасөспірім» балалар-жасөспірімдер клубтарының бастамашыл топтарының кездесуі өткізілді.

Кездесуде Өскемен қаласының балалар-жасөспірімдер клубтарының алдын ала 6 топқа бөлінген 40 жасөспірімі қатысты, оның міндеті үйлесімді жұмысты біріктіру және көрсету болып табылады. Сонымен қатар шақырылған қонақтар қатысты: Өскемен қаласының Қоғамдық кеңес төрағасы Каримов Станислав Александрович, Жас техниктер әдіскері Шишина Татьяна Васильевна, Отбасылық және балалықты қолдау орталығы директорының орынбасары Гутова Елена Борисовна, Өскемен қаласы білім бөлімінің әдіскері Нурмухамбетова Дина Жунусбековна, ауыр атлетикадан СССР спорт шебері Акунаев Ринат Фатхуддинович, «Феникс» даму және бейімдеу орталығы қоғамдық бірлестігінің директоры Ахметкалиева Назигуль Маташевна, «Устинка» газеті редакциясы журналисті -  Тенизбаева Алия Алановна, радио Микс - Бибулова Айзада Ержановна, Өскемен қаласы жастар мәслихатының депутаттары - Юнусов Равиль Александрович, Миронова Юлия Александровна, Колмакова Ксения.

«Белсенді жасөспірім» балалар-жасөспірімдер клубтарының бастамашыл топтарының кездесуі үш этаптан өтті, бірінші этап «Визитка», әрбір топ командға ат, ұран және мәтін ұсынады. Екінші этап оқу жылы барысында балалар-асөспірімдер клубында жасаған жұмыстары бойынша шағын жобаны жасөспірімдер виде көрсетілім арқылы ұсыну. Жобалардың судьялары шақырылған қонақтар болды. Нәтижесінде әрбір «Белсенді жасөспірім» бастамшыл тобы әртүрлі номинациялар бойынша дипломдармен марапатталды, ал әрбір жасөспірім қатысушы сертификаттармен естелік сыйлықтар алды.