Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сағат» атты іс-шара өтті

2018 жылдың 3 сәуір күні сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  марафон бағдарламасы аясында қала мектептерінде  9-11 сыныптарға «Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы заңнаманың  жиырма жылдығы» атты тәрбие сағаттары өткізілді.

Сабақ барысында оқушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі баптары таныстырылып, талданды. Жиырма  жылда  елімізде атқарылған іс-шаралар туралы  айтылды. «Под небом правды» деректі филімінен үзінді көрсетіліп,  талданды.

Сонымен қатар , мектебіміздің «Адал ұрпақ» клубының  мүшелері  өз жұмыстарымен  таныстырып , іске асырылған шаралар туралы айтты. «Адал ұрпақ» клубының мүшелерінен құрылған үгіт бригадасы  оқушыларды сыбайлас жемқорлықпен  күресуге шақырды.