Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайына 74 жыл

2014 жылдың 16 қазанда Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында Абай қорық-мұражайының ашылу күніне арналған «Рухани құндылық – ұлт қуаты» атты әдеби-сазды кеші болып өтті.
Ұлы ақынның қара шаңырағы Абай қорық-мұражайының қазақ мәдениетіндегі, рухани өміріндегі алатын орны ерекше. Іргетасының қаланғанына 74 жыл болған Абай қорық-мұражайы Қазақстандағы ірі мәдени орталықтардың бірі.
Аталмыш шараға Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы, зерттеуші-ғалымдар, ЖОО, колледж студенттері мен мұражай қызметкерлері, сонымен қатар кешіміздің құрметті қонағы Абай-қорық мұражайы ұжымы өз қамқорлығына алған Елубаева Сабина қатысады.

Қорық-мұражайдың негізгі қызметі - Абай өмірі мен шығармашылығына және оның ақындық-өнер айналасын, сол замандағы тарих пен мәдениет құбылыстарын, заттық, құжаттық жәдігерлерді зерттеу, сақтау, насихаттау, қорғау. Мұражай қазақтың ұлы жазушысы, академик М.О.Әуезовтің ұсынысы бойынша Абайдың 95 жылдық мерейтойы қарсаңында, 1940 жылы Қазақ ССР- нің Халық комиссарлар кеңесінің 1-сәуірдегі қаулысы негізінде құрылып, сол жылы 16-шы қазан күні мереке үстінде ашылды.

¥лы Абайға арналып ашылған Қазақстан тарихындағы тұңғыш әдеби мұражай бүгінде іргелі мәдени кешенге айналды. Құрамындағы бас мұражай, «Алаш арыстары - М.Әуезов» мұражайы, Жидебайдағы Абайдың мұражай-үйі, «Шәкәрімнің саят қора» экспозициясы, Бөрілідегі М.Әуезовтің мұражай-үйі, Көкбай ауылындағы Көкбай Жанатайұлының мұражайы, Құндыздыдағы Шәкір Әбенұлының мұражай-үйі және Мақаншыдағы Әсет Найманбайұлының мұражайы тарих тереңіие бойлап, танысамын деген жанға берері мол.

Кеште Абай қорық-мұражайының директоры Әубәкір Жандос Мағазбекұлы беташар сөз сөйледі.
«Шәкәрімтану» ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Мақсат Жарылғасынұлы сөз сөйлеп, Абай-қорық мұражайының аға ғылыми қызметкері Елекенова Раушан Алиханқызы «Абай мұражайының тарихы» тақырыбына  баяндама оқыды.
М.Төлебаев атындағы саз колледжінің домбырашылар ансамбілінің орындалуында Құрманғазының күйі «Балбырауын» және Дина Нұрпейісованың «Науашқы» күйлері орындалды,сонымен қатар колледждің әнші студенті Абайдың әнін орындап, Абай өлеңдерінен композиция оқыды. ҚазИГЗУ және Шәкәрім атындағы университ студенттері өз өнерлерін көрсетті.

 

Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайына 74 жыл Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайына 74 жыл
   
Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайына 74 жыл Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайына 74 жыл
   
Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайына 74 жыл