Семей облыстық атқару комитетінің мұрағат бөлімінің меңгерушісі Төлеу Шагировна Сағымбаеваның туғанына 95 жыл

Семей облыстық атқару комитетінің мұрағат бөлімінің меңгерушісі Төлеу Шагировна Сағымбаеваның туғанына 95 жыл21 қарашада Семей облыстық атқару комитетінің мұрағат бөлімінің меңгерушісі Төлеу Шагировна Сағымбаеваның туғанына 95 жыл толады. Төлеу Шагировна еңбек жолын 1940 жылы «Халық мұғалімі» журналының редакциясында машинистка болып бастады. 1942 жылы қаржы қызметкерлерін дайындау курсын бітірді. Алма-Ата облысының Кеген ауданында, Семей облысының Аягөз, Абай, Шұбартау аудандарында салық және қаржы органдарында жұмыс істеді. 

1971 жылдан 1983 жылға дейін Төлеу Шагировна Семей облыстық атқару комитетінің мұрағат бөлімін басқарды. Төлеу Шагировнаның бастамасымен  1980 жылы арнайы жоба бойынша Семей облысының мемлекеттік мұрағатының (қазіргі ҚЗТҚО) ғимараты салынды, жаңа стеллаждар орнатылды, Шар және Аягөздегі филиалдары өздерінің материалдық жағдайларын жақсартты, жаңа ғимараттарға қол жеткізді.

Т.Ш.Сағымбаеваның еңбек және қоғамдық қызметі мемлекет тарапынан жоғары бағаланды. Ол «Құрмет белгісі» және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен,  «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін», «Тың жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері» медальдарімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, КСРО және Қазақ КСР бас мұрағат басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Төлеу Шагировна Сағымбаева Семей облысының мұрағат ісінің дамуына баға жетпес үлесін қосты.