|
Ұлы Отан соғысының ардагері Анна Андреевна Чебардакованың туғанына 95-жыл
20 қарашада Ұлы Отан соғысының ардагері Анна Андреевна Чебардакованың туғанына 95-жыл толады. Ол 1919 жылы Семей қ. туған. 1942 жылдың сәуір айында комсомол-қыздардың ұраны, Семей қалалық комсомол комитетінің жолдамасы бойынша Анна Андреевна Қызыл Армия қатарына өз еркімен шақырылды. Біздің қаланың 76 қыздарымен бірге алыс Түрікмен жеріне жіберілді. Чарджоу қаласында 34 әуе бақылау, хабарландыру және байланыс жеке рота (ӘБХБ) – Орта азиялық әскери округтағы жалғыз әйелдер ротасы құрылды.
1945 жылы 34-ші ӘБХБ жеке рота ӘШҚҚ корпусының 87 дивизия, Оңтүстік-Батыс майданының ӘШҚҚ жедел тобының құрамында болатын.
Рота құрамында Анна Андреевна Украина мен Польшаны азат ету ұрыстарына қатысты. А.А.Чебардакова Жеңіс күнін Краков қ. қарсы алды және 1945 жылдың тамыз айында кіші лейтенант атағында әскерден қайтарылды.
Анна Андреевна Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін», «Украинаны азат еткені үшін» медальдарімен, Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуков медалімен, көптеген мерекелік медальдармен және құрмет белгілерімен марапатталды.
А.А.Чебардакованың құжаттары 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысына қатысушылардың мұрағаттық құжаттар жинағына енгізілген.
|