«Мультимедиялық журналистика» ұйірмелерін және мектеп сайттарын ұйымдастырудың өзекті мәслелері
М.Әуезов атындағы № 17 орта мектебінде «Заманауи мектепте интернет - технологияларын дамытудың келешегі. Мектеп сайттары және мультимедиялық журналистика» тақырыбында семинар өткізілді. Іс - шараға қала мектептерінің «Мультимедиялық журналистика» үйірмелерінің жүргізушілері және мектеп сайттарына жауапты мұғалімдер қатысты.
Семинардың мақсаты: «Мультимедиялық Журналистика» үйірмелерінің және мектеп сайттарының жұмысын жандандыру.
Білім беру бөлімінің әдіскері Капчикова Н.Т. семинар жұмысының мақсатымен және барысымен таныстырды, қонақтарға сөз берді.
ШҚМТУ мультимедиялық студиясының басшысы Духанин Е.В. мультимедиялық студиясын ұйымдастыру және басқару тәжірибесімен бөлісті.
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Қазақ және орыс филологиясы және журналистика» кафедрасының профессоры Абдуллина Л.И. мультимедиялық журналистиканың филологиялық мазмұны туралы әңгімеледі.
«Алтай» телеарнасының жүргізушісі Есимханова Флюра қатысушылардың өзекті мәселелері бойынша диалог құрды.
М.Әуезов атындағы № 17 орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, мектеп сайтының әкімшісі Айтпаева А.В. әріптестерімен мектеп сайтын жаңғырту және жылжыту құпияларымен бөлісті, білім беру үрдісіне қатысушылардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру құралы ретінде мектеп веб-сайтты қарауға ұсынды.
Мұғалімдер спикерлермен белсенді диалогқа қатысып, заманауи үрдістер мен Интернет-технологияларын мектепте табысты іске асыру үшін семинардың жоғары практикалық өзектілігін атап өтті.