Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Күнделік» жүйесі бойынша семинар өтті

Өскемен қаласы қалалық білім беру бөлімінің жоспарына сай 2018 жылдың 10 желтоқсанында «№36 орта мектебі» КММ базасында директорлардың ақпараттандыру  жөніндегі орынбасарларына арналған «Күнделік» ЭЖК бойынша семинар өтті. 

Іс-шараның мақсаты білім беру мекемелерінің «Күнделік» электрондық жүйесі жұмыс істеуінің өзекті проблемаларын талқылау. 

Семинарға 47 педагог және ШАО өкілдері қатысты.

Семинардың басында «№36 орта мектебі» КММ директордың ақпараттандыру  жөніндегі орынбасары Е.Е. Колганова психологиялық көңіл-күй ұйымдастарылды.

Қалалық білім бөлімінің әдіскері Н.Т. Капчикова ЭЖК-дегі мектептер белсенділігінің  мониторингін ұсынды. 

ШАО директоры Зейнолдина Г.Т. педагогтарды оқушылар оқу жетістіктерін өлшемдік бағалау ерекшеліктерімен таныстырды.   

Практикалық бөлімінде топтық жұмыс ұйымдастырылды. Іс-шара нәтижелері бойынша ұсыныстар қабылданды.

Осы семинар әдістемелік сауатты түрде жүргізілді, бұл қойылған мақсаттарға жетуге мүмкіндік берді.