Мектеп директорларына арналған практикалық семинар
2018 жылғы 30 қарашада Өскемен қаласы әкімдігінің "М. Әуезов атындағы №17 орта мектебі" КММ-де қала мектептерінің директорларына арналған "Мектептің ақпараттық мәдениетін қалыптастырудағы желілік қауымдастықтың рөлі" тақырыбында практикалық семинар өткізілді.
Семинар шеңберінде мектеп педагогтары бірнеше қызмет бағыттары бойынша өздерінің тәжірибелік тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік алды: мектептің өзіндік ақпараттық мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өлкетану бағытындағы инновациялық даму, "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында тәрбие жұмысын жаңғырту, робототехниканы енгізу, оқу-тәрбие үрдісінде жобалық тәсілді жүзеге асыру.
Мектеп директоры Е. А. Саакян іс-шараның міндеттерімен таныстырды. Мектеп директорының дарынды балалармен жұмыс жөніндегі орынбасары И. А. Крючкова 9-10 сынып оқушыларына арналған "Жас өлкетанушылар турнирін" өткізді. "Жас натуралист" үйірмесінің сабағын биология мұғалімі Е. С. Косьянкова ұйымдастырды. Тарих мұғалімі Тормашова И. В. жоғары сынып оқушыларымен бірге мұғалім мен оқушылардың шығармашылық қызметтестігінің мүмкіндіктерін көрсетті. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Ф. Абдрахманова тәрбие жұмысы бойынша іске асырылып жатқан жобаларды ұсынды. Мектеп сайтының редакторы А. В. Айтпаева мектеп сайты арқылы білім беру үрдісіне қатысушылардың өзара қарым-қатынасы туралы айтып берді. Семинар соңында пікір алмасылды. Семинарға қатысушылар іс-шараның жоғары практикалық маңыздылығын атап өтті.