Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Қысқы демалыс күндерінде өткізілген іс-шаралар туралы

Өскемен қаласының әкімдігінің «№29 ҚБМО»КММ «Жас құтқарушы» орталығының 2018-2019 оқу жылының қысқы демалыс күндерінде  балаларды тіршілік қауіпсіздігі негіздеріне таныстыру және оқыту бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді. Іс-шараға мақсатты білім беру және кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру арқылы №10,16, 19, 39, 36, 35 жалпы білім беретін мектептердің 6-7 сынып оқушылары, 109 жалпы санымен қатысты.

2019 жылдың 03 қаңтарында Оқушылар ШҚО ТЖД Шығыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағында болып, арнайы техниканы көрді, ТЖ кезінде әр түрлі жағдайларда қалай қолдануға болатын арнайы жабдықтармен танысты. Кинологиялық қызметтің жұмысы балалардың ерекше қызығушылығын тудырды.

2019 жылдың 03, 04, 08 қаңтар күндері «№29 ҚБМО»КММ «Жас құтқарушы» орталығының педагогтары балаларды арнайы Апаттар медицинасы орталығына апарды. Алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша Апаттар медицинасы орталығы дәрігерлердің шеберлік –сыныптары балалардың қызығушылығын тудырды.

2019 жылдың 08, 09 қаңтар күндерінде № 10, 19, 36 мектептерден келген балалар үшін «Жас құтқарушылар» орталығы педагогтары Өскемен қаласының № 1 өрт сөндіру бөліміне апарып, ШҚО өртке қарсы қызмет мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.

«Жүзу бойынша» спорт шебері және «Судағы қауіпсіздік» пәні бойынша Жас құтқарушылар орталығының оқытушысы Татьяна Михайловна Воронова кесте бойынша «Фок» бассейнінде балаларды қарсы алды және суда сабақ өткізді.

Сонымен қатар демалыс күндерінде балалар үшін күн сайын ШҚО ТЖД спорт манежінің есігі ашық тұрды. Өрт сөндіру-құтқару спорты және альпинизм бойынша жаттықтырушылары балалармен өз сабақтарын өткізді.    Демалыс өте қызықты және пайдалы өтті. Өткізілген іс-шаралардың арқасында балалар ТЖ кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы көп мәлімет алды.