Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«№ 36 орта мектебі»  КММ «Күншуақ» мектепке дейінгі шағын орталығында 2019 жылдың 6 мамыр…

«№ 36 орта мектебі»  КММ «Күншуақ» мектепке дейінгі шағын орталығында 2019 жылдың 6 мамыр, 8 мамырында мектеп жасына дейінгі оқушылардың өнегелі-патриоттық сезімдерін нығайтуға, Отан мен ҰОС қорғаушыларының білімін әртүрлі қызмет түрлері арқылы қалыптастыруға арналған іс-шаралар өтті.  

2019 жылдың 6 мамырында «Отан қорғаушы күніне» арналған спорттық іс-шаралар өтті. Балалар өздерінің спорттағы жетістіктерін, командалардың ұжымшылдығын көрсете білді.    

2019 жылдың 8 мамырында 9 мамырға  арналған ертеңгілік өткізілді.  9 мамыр – Жеңіс күні – әрқайсымызға әулие мереке, және біз бүгінгі еліміздің азаматтары  Жеңіс күні жайлы естелікті, болашақ ұрпаққа Жеңіс күнінің салтын жеткізуге міндеттіміз. Алдын ала топтағы балалармен кеңес адамдарының ерліктері туралы әңгімелер өткізілді, балалар жұмыстарының көрмелері, ата-аналар бұрыштары безендірілді, ал мереке осы  іс-шараның қорытындысы болып аяқталды.