Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Пресс-релиз

Тақырыбы: «Рәміздер күні»

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларға «Рәміздер күні» мерекесі жайлы айта отырып, Қазақстан Республикасының рәміздері жайлы жалпы ұғым беру, Отанға, оның әдет-ғүрыптарына  патриоттық, адамгершілік сезімдерін арттыру.

4.06.2019 жылы  №6 «Күншуақ» балабақшасында Қазақстан Республикасының рәміздері күніне  арналған мерекелік іс-шара өтті.

Балалар педагогтармен бірлесе отырып, қолдарын кеуделеріне қойып, мақтанышпен бастарын көтере отырып, Қазақстан Республикасының әнұранын шырқады, мәнерлеп тақпақтарын айтып,  патриоттық әндерін орындады.

Бұл балаларда ең алдымен бір-біріне деген өзара сыйластық пен махаббатқа, өзінің тәрбиешісіне, балабақшасына, ата-анасына және де өз туған өлкесіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді. Балалар «Президент», «Отан» дегеніміз не және Қазақстан Республикасының рәміздерінің мағынасы жайлы алғашқы білімдерін осы балабақша табалдырығынан бастап үйренеді. Бұл ең алғашқы патриоттық-адамгершілік сезімдерін қалыптастыруға өте зор ықпалын тигізеді.