Өскемен қаласы «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының «Жас ұрпақ – Мәңгілік Ел тірегі» қалалық слёті туралы ақпарат
2019 жылдың 13 қыркүйегінде «А. Байтұрсынов ат. №20 орта мектебі» КММ-де Өскемен қаласы мектептерінің республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қалалық комитеттерінің «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының «Жас ұрпақ – Мәңгілік Ел тірегі» қалалық слёті болып өтті.
Аталған іс-шараның мақсаты қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, аса өнегелі, жауапты, бастамашыл және әлеуметтік құзырлы азаматтарды және патриоттарды қалыптастыру болды.
Бұл шараға қаланың «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының 46 командасы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінен шақырылған мамандар қатысты.
Слетте үздік мектеп клубтары мен қала оқушыларының арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыстарының нәтижесі көрсетілді.
Іс-шара басталар алдында қатысушылар мен шақырылған қонақтар «Жас Ұлан» ББЖҰ ҚБ қалалық комитетінің ресми парақшасында Слеттің тікелей трансляциясына қатыса алды.
Слетте 2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша үздік клубтар мен жетекшілердің есімдері аталды. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының мүшелеріне слет қонақтары - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің өкілдері салтанатты жағдайда грамоталар және алғыс хаттар табыстады.
Қатысушылар саны 150 адамды құрады.