Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«М. Әуезов атындағы № 17 орта мектеп» КММ-де  Қарттар күні –іс-шарасының өткізілгені туралы ақпарат

2019 жылдың 1 қазанында «М.Әуезов атындағы № 17 орта мектеп» КММ-де Қарттар күнімен құттықтау өтті. Таңертең мектеп акт залында 3 «Б» (Оглуздин Глеб), 4 «А» (Большакова Ангелина), 5 «А» (Удовик Яна, Шрамова Ксения, Клиновицкий Алексей), 5 «Б» (Кагерманов Эмир), 7 «А» және 7 «Б» (Отставнова Ксения мен Мерзлова Анастасия) және ТЖ бойынша директордың орынбасары Абдрахманова Гүлмира Файзолдаевна мектебіміздің ата-әжелерін мерекемен құттықтады. Олардың жарқын қойылымдары қонақтарға жылы, шынайы атмосфера мен мерекелік көңіл-күй сыйлады. Қонақтар концертке қатысушыларға құттықтаулары үшін алғыс білдірді және күні бойы эмоционалды «заряд» алды. Түстен кейін педагогикалық еңбек ардагерлері мен «алтын жас» мектебінің жұмысшыларын құттықтау өтті. Сонымен қатар балалар оларды шығармашылық қойылымдарымен құттықтады, содан кейін мектеп кәсіподағы қонақтарға шай ұйымдастырды.