Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Эко уақыт шарасының жүргізілу есебі Өскемен қаласы әкімдігі «№ 15 орта мектебі» КММ 2019-2020 оқу жылы

Қазан айының үші күні Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 15 орта мектебі» КММ мекемесінде бір уақытта Эко уақыт шарасы өткізілді.Бұл шараның өткізу барасы Бүкіл әлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне негізделген. Жасыл әлем,көгалдандыру негізгн алынған. (қоршаған ортаны қорғау қаулысы қабылданды 6 қазан 1979 жыл)

С.Аманжолов атындағы «Экология» кафедрасының доценті,медицина ғылымдарының кандиданты Бейсембаева Сара Кабдрахмановна мен 9 сынып оқушылары кездесті.Сара Кабдрахмановна біздің оқушыларға Өскемен қалаасының экологиясы жайлы айтып берді.

 5-сынып оқушылары мен Экобиоцентр орталығының қызметкері Прокопьева Зоя Прокопьевна мен кездесу өтті.Бұл кездесуде «Қалдық заттарды тұрмыста қолдану» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді.Жоғарғы сынып оқушылары мен биология пәнінің мұғалімі Дикова Г.С. Эко уақыт «Әлем мұхиттарының ластану жолдары» тақырыбында ашық сағат өткізілді.Ал 10-сынып оқушыларымен география пәндерінің мұғалімі Алибаева Г.М. және Билялова А.М «Мұхиттар қауіп үстінде» тақырыбында эко уақыт өткізілді.

8-сынып оқушылары мен биология пәнінің мұғалімі Ахатова А.К. және химия пәнінің мұғалімі Туқпатолдаева М.Ж. «Ауаның ластануы» тақырыбында эко уақыт өткізілді.

10-сынып оқушыларымен география пәнінің мұғалімі Жуашова А.Д. «Тапқыр достар» интеллектуалдық-экологиялық сайыс өткізілді.

Шара соңы мектеп ауласына ағаштарды отырғызылумен аяқталды.