Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Мектепте Экосағат ұйымдастырлды

2019 жылдың 3 қазанында Өскемен каласы әкімдігінің «А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Экосағат өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – өсіп келе жатқан ұрпақты табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға тарту. Өткізілген іс-шаралар табиғи ресурстарына қатысты экологиялық тұрғыдан саналылықты тәрбиелеу, суға ұқыптылықпен қарау, ауаны сақтау, жерді ластанудан сақтау тақырыбында ұйымдастырылды.

Экосағатты ұйымдастыру барысында бастауыш  және орта буындарда «Табиғат және біз», «Экология және мен» тақырыптарында танымдық – дамытушылық сабақтар өткізілді.

11 - сынып оқушыларымен география пәнінің мұғалімі С.М.Имашбаев «Мұхиттардың экологиялық мәселері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сонымен қатар С.Аманжолов атындағы ШҚМУ - нің экология кафедрасының оқытушысы А.Бауыржанқызымен 10 – сынып оқушылары кездесу ұйымдастырды. Осы күні оқушылармен  ұстаздар «Жасыл желек» атты ұранмен мектеп ауласын көгалдандыру мақсатында көшеттер отырғызды.