Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Экологиялық сағат туралы ақпарат

2019 жылы 3 қазанда «Оқу-зерттеу экобиоорталығының» қызметкерлері республикалық экологиялық сағат аясында №15, 24, 36, 37, 42, 47, Ахмер қала мектептерінде әңгіме, шығармашылық шебер-сыныптар, экологиялық сабақтар, қойылымдар және автобустық экскурсиялар өткізді.

Экологиялық сағат өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, сүйіспеншілікке және қоршаған ортаны сақтауға ұмтылысқа тәрбиелеу мақсатында өткізілді.

Экологиялық сағатқа 304 мектеп оқушылары қатысты. Әр іс-шараны өткізу барысында «ОЗ Экобиоорталығының» қызметкерлері экологиялық мәселелерге назар аударып, оқушылармен бірге оларды шешу жолдарын табуға тырысты.