Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Есеп

Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 29 қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ «Жас құтқарушы» орталығының 2019 жылғы күзгі демалыс күндері өткізілген іс-шаралары туралы

Күзгі демалыс күндерінде, жоспарына сәйкес, № 29ҚБМО «Жас құтқарушы» орталығымен бекітілген іс-шаралар бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.

№ 4,10, 16, 36, 26, 39 мектептің 6 сынып оқушылары, «Апаттар медицинасы» орталығының қызметкерлеріне қонаққа барып, осы бөлімше дәрігерлерінің жұмысымен танысты. Алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша «Апаттар медицинасы» орталығы дәрігерлерінен мастер-класс балалардың қызығушылығын тудырды. Балалар мен қыздар тыныстың тоқтауы кезінде практикалық дағдыларға, есінен танып, сынған кезде көмек қажет болған жағдайда қалай әрекет етуге үйренді. ЖЖО нәтижесінде зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету және медициналық эвакуациялауды жүзеге асыру мәселелері қозғалды..

Демалыс кезінде балаларды спортпен айналысуға және салауатты өмір салтына тарту бойынша жұмысқа ерекше көңіл бөлінді. Осы мақсатта № 29 ҚБМО педагогтары өрт сөндіру-құтқару спорты және құтқару көпсайысы бойынша күнделікті мастер-класстар ұйымдастырды. Қаланың №1,4,10,16,26,29,35,36,37,39,29 мектептердің балалары құтқару спортының қыр-сырын үлкен ықыласпен игерді. Көптеген балалар осы спорт түрімен шұғылдануды шешті және спорт секцияларына жазылды. Іс-шараларға барлығы 150-ден астам бала қамтылды.

Сондай-ақ кестеге сәйкес, күн сайын спорттық манежде өрт-қолданбалы спорт түрлері мен құтқару көпсайысы бойынша жаттығулар өткізілді, ал ФОК бассейнінде жүзу бойынша жаттығулар өтті.