Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Бірыңғай жалпы республикалық «Адалдық сағаты»

2019 жылдың 06 қарашасында Өскемен қаласының барлық мектептерінде Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті, «Шығыс Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өкілдерінің, депутаттардың, еңбек ардагерлерінің, қоғам өкілдерінің қатысуымен 1-11 сынып оқушыларына арналған бірыңғай жалпы республикалық «Адалдық сағаты» өткізілді.

Іс-шараның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, өсіп келе жатқан ұрпаққа адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын қалыптастыру болып табылады.

Бірыңғай сағатты өткізу барысында оқушылар «АДАЛДЫҚ», «ПАРАСАТТЫЛЫҚ», «ӘДІЛДІК» ұғымдары бойынша постерлер, жемқорлыққа қатысты, жемқорлықтың салдары туралы, жемқорлықпен күресу тәсілдері туралы шағын хабарламалар дайындады; сонымен қатар оқушылар ар және абырой кодексін әзірледі.

Іс-шара қонақтары қоғамда қалай құрметті және табысты адам болуға болатыны туралы әңгімеледі, оқушыларға белсенді өмірлік ұстанымды қалай қалыптастыруға болатыны жөнінде ұсыныстар айтты, жемқорлықтың көрініс алуына төзбеуге шақырды.

Аталған іс-шара оқушылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың түрлері мен жазалау шаралары туралы, сыбайлас жемқорлықпен күрестегі мемлекеттің алатын орны туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік берді.