Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Абай жаққан бір сәуле» қалалық мәнерлеп оқу байқауы

2019 жылдың 06 қарашасында Өскемен қаласы әкімдігінің №13 «Дария» балабақша-бөбекжайында» Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Өскемен қалалық білім беру бөлімінің басшылығы және Өскемен қаласы әкімдігінің «№13 «Дария» балабақша-бөбекжайы» КМҚК бірлесе ұйымдастыруымен қала балабақшаларындағы өзге ұлт бүлдіршіндері арасында қазақ әдебиетінде өшпес орны бар, ұрпағына асыл мұра қалдырған Абай Құнанбайұлының өлеңдерін оқудан сайыс өтті.

Байқаудың мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына арналған жолдауында:  «Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өтеміз. Мерейтой барысында ысырапшылдыққа жол бермей, ғұлама тұлғамыздың еңбектерін халық арасында дәріптеуіміз керек», - деген  нақты тапсырмасын басшылыққа ала отырып, оны жүзеге асыру. 

Байқауға 4-6  жас аралығындағы  29 үміткер қатысты.

Байқау «Абай жаққан бір сәуле» деп аталады. Байқаудың бір ерекшелігі ол өзге ұлт өкілдерінің арасында өткізілуі болып отыр.

Байқау  балабақша ұжымының бүлдіршіндері мен тәрбиешілері қойған «Абайдың балалық шағы» атты көрініспен ашылды. Сонан кейін жастары бойынша 2 топқа бөлінген бүлдіршіндер арасында сайыс басталды. Кішкентай болса да ұлы ақынның шығармаларын  жатқа оқып тұрған балдырғандарды көрермендер ду қол шапалақтап ризашылықпен қолдап отырды.

Әділқазылар алқасының әділ шешімімен екі жас топтарына жүлделі орындар мен номинациялар берілді.

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мерейтойына орай өткізілген бұл шара көптің көңілінен шығып, өте жоғары деңгейде өтті.