Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

26-29.11.2019 ж. аралығында №6 «Күншуақ» балабақшасында ҚР...

26-29.11.2019 ж. аралығында №6 «Күншуақ» балабақшасында ҚР бірінші тұңғыш Президенті күніне арналған ертеңгіліктер өтті.

Балалар педагогтармен бірлесе отырып, қолдарын кеуделеріне қойып, мақтанышпен бастарын көтере отырып, ҚР-ның әнұранын шырқады, мәнерлеп тақпақтарын айтып, және патриоттық әндерін орындады.

Бұл балаларда, ең алдымен, бір-біріне деген өзара сыйластық пен махаббатқа, өзінің тәрбиешісіне, балабақшасына, ата-анасына және де өз туған өлкесіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді. Мерекеге тәрбиешілермен бірлесе отырып тақпақтарды жаттатқызып, «Тәуелсіздік», «Елбасы», «Отан» сөздерінің ұғымдарын түсіндіріп, мерекелік шараны ұйымдастыруға септігін тигізген ата-аналар қатысты. Балалар «Елбасы», «Отан» дегеніміз не және ҚР рәміздерінің мағынасы жайлы алғашқы білімдерін осы балабақша табалдырығынан бастап үйренеді. Бұл ең алғашқы патриоттық-адамгершілік сезімдерін қалыптастыруға өте зор ықпалын тигізеді.