Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Қазіргі Қазақстан. Елбасы көшбасшылығының сабақтары»

Өскемен қаласы әкімдігінің «А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» КММ-де Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы-кемеңгер көшбасшы» атты мерекелік іс-шара аталып өтті.

25 қараша күні «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!» тақырыбында салтанатты лездеме, мектеп фойесінде «Елбасы- Ұлт мақтанышы» тақырыбында ақпараттық стенд сонымен қатар фото және кітап көрмесі ұйымдастырылды.

26-29 қараша күндері 1-11 сыныптарда «Менің тұңғыш Президентім!» атты бырыңғай  сынып сағаттары ұйымдастырылды.

27 қараша күні  «Елбасы – Тәуелсіздік тірегі» тақырыбында 5-6 сынып оқушылары арасында үздік презентация байқауы ұйымдастырылды.

28 қараша күні «Елін сүйген Елбасы!»  7-8 сынып оқушылары арасында үздік мақала байқауы өткізілді.

29 қараша күні «Жастар жылы» аясында Тұңғыш Президент күніне орай С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің ректоры Төлеген Мұхтар Әділбекұлы мен Университеттің аға оқытушылары, белсенді студенттерінің қатысуымен мерекелік кездесу өткізілді.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып құрметтеу, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған кездесу соңында оқушылар мерекелік бағдарлама ұсынып, 9-11 сынып ата аналары Университет оқытушыларынан өз сұрақтарына жауап алды.

Жас ұрпаққа Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі- өнеге ету мақсатында өткізілген мектепішілік іс-шаралар өз мақсатына жетті.