Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Тұңғыш Президент – кемеңгер көшбасшы

Өскемен қаласы әкімдігінің «Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1 желтоқсан -  Тұңғыш Президент күніне арналған тәрбие сағаттары өтті. Тәрбие сағатына 1340 оқушы қатысты. Тәрбие сағаттары Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды.

Тәрбие сағатының мақсаты: Қазақстан халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағұлмат беру. Іс –шара барысында оқушылардың арасында жылы қарым-қатынас, бір –біріне деген құрмет байқалды. Жүргізілген іс-шарада  еліміздің тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының саяси беделіне қатысты құнды ойлар айтылды.Тәрбие сағатында «Тәуелсіз мемлекеттің көшбасшысы» атты көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар, тәрбие сағатында әр түрлі жаңашыл

әдіс-тәсілдер қолданылды. Тәрбие сағаттарының тәрбиелік маңызы зор болды.