Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

2019 жылғы 11 желтоқсанда Оқушылар шығармашылық сарайының «Жас Ұлан» ББЖҰ РҚБ қалалық комитеті Жастар жылының қорытындысы сараланған «Алау-2019» жастар форумына қатысты. 

Шараның ашылу салтанатында Өскемен қаласының әкімі Ж.М. Омар жастарға жаңа табыстарға, биік жетістіктерге жетуін, олардың жалындай лапылдап, суырылып алға шығуларын тіледі.  

Оқушылар шығармашылық сарайының үйренушісі, «Жас Ұлан» республикалық ұйымының белсенді өкілі Дильназ Марат («Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын №38 гимназия» КММ оқушысы) қала әкімі жүлдесінің «Жыл оқушысы» номинациясының жеңімпазы, ал Р.Д. Исраилов, қала мектептерінің аға тәлімгерлері мен педагог-ұйымдастырушыларының қалалық ӘБ өкілі («М. Әуезов ат. №17 орта мектеп» КММ педагогы)  «Жылдың жас педагогы» номинациясында жеңімпаз атанды.

«Жас Ұлан» ББЖҰ РҚБ қалалық комитеті жастар форумына тұрақты қатысып келеді, онда әрдайым олардың мемлекеттік жастар саясатын іске асырудағы жұмыстары аталып өтіледі.