«Абай жаққан бір сәуле...»
Өскемен қаласы әкімдігінің «А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінде» қазақтың бас ақыны, данышпан, философ, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік тұлғасы Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған іс-шаралар аясында «Абай жаққан бір сәуле...» атты мектепішілік байқауы болып өтті.
Байқаудың мақсаты – Ұлы ақын шығармаларын жан-жақты таныту арқылы ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін терең ойлы тұлға қалыптастыру. Абайдың әндерін орындатып, өлеңдері, поэмалары, қара сөздерін жатқа айтқызу. Ақын шығармаларын сүйіп оқуға тәрбиелеу.
Байқауда оқушылар ата-аналарымен, ұстаздарымен бақ сынасты. Байқауымыздың құрметті қонақтары ретінде қалалық білім беру бөлімінің әдіскерлері, қаламыздың №7,9,10,11,12,29,37 мектебінің ұстаздары мен оқушылары шақырылды.
Байқау 3 кезеңде өтті:
«Туғанда дүние есігін ашады өлең» бастауыш сыныптар арасында Абайдың өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу.
«Абайдың қара сөздері – ақылдың кілті» 5-7 сыныптар арасында Абайдың қара сөздерін мәнерлеп жатқа оқу.
«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» 8-10 сыныптар арасында Абай әндерін орындау.
Әділқазылар құрамында мектепішілік әкелер кеңесінің мүшелері, облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының кызметкері және кәсіби мамандар болды. Байқау қорытындысында жақсы өнер көрсеткен сыныптар жүлделі орындарға ие болып, мадақтамалармен марапатталды.