Тарих пәні мұғалімдеріне арналған семинар өтті
М.Шаяхметов атындағы №23 орта мектебінде 2020 жылдың 19 ақпанында «Педагогтің инновациялық ұтқырлығы - тарих пәні мұғалімінің табысты кәсіби қызметінің факторы» атты семинар өтті. Семинарға 46 қалалық мектептерінің тарих пәні мұғалімдері қатысты.
Семинарды мектеп директоры Тарина Н.М. ашып, қатысушыларды құттықтады. Келесі кезекте қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Л.Мадияроваға сөз берілді.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.О. Губайдуллина әдістемелік материалдарын ұсынды.
Тарих пәнінің мұғалімі Д.Бейсембинова «Жаңартылған білім беру мазмұнының идеяларын енгізу контексіндегі сабақ кезеңдерін жоспарлау мен жүзеге асырудың құрылымы, тиімділігі» тақырыбында коучинг өткізді.Негізгі бөлімнен кейін 4 топқа бөлінген мұғалімдер ашық сабақтарға жіберілді.
Педагогикалық алаң жетекшілерінің әрқайсысы сабақтың фрагменттерін қорытындылады: сабақтың жұмылдыру кезеңі (актуализация) (Симбаева Б.Т.), үй тапсырмасын тексеру (Улмесекова Н.Д.), жаңа білімді игеру кезеңі (Файзрахманов М.Н.) және бекіту - рефлексия кезеңі (Искакова А.А.).
Семинар белсенді өтті, ұсынылған теориялық және практикалық жұмыстарды жоғары бағаланды.