"Заманауи сабақ-тиімді және сапалы білім берудің негізі» тақырыбында қалалық семинар өтті
2020 жылғы 26 ақпанда № 18 орта мектебінде "Заманауи сабақ - тиімді және сапалы білім берудің негізі" атты қалалық семинар болып өтті.
Семинарға қаланың жаратылыстану – ғылыми бағытындағы пәндер мұғалімдері қатысты. Семинарды мектеп директоры С. Н. Варакина қатысушыларды құттықтау сөзімен ашты. Семинар жүргізушілері: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Крючкова Г. И. және ӘБ жетекшісі Каженова С. К. әр топта сұрақ теориясын қарастырып, қонақтарды мектеп оқушылары мен педагогтарымен өткізілген сауалнамалардың нәтижелерімен таныстырды, топта заманауи сабақ өткізуге қойылатын талаптар әзірленді.
Семинарға қатысушылардың назарын № 18 орта мектеп мұғалімдері Е. В. Суружий, А. М. Даутова, биология пәні мұғалімі Н. У. Дюсупова және Н. П. Самамбетова өткізген панорамалық сабақтар аударды. Семинар қорытындысын шығару кезінде педагогтар іс-шара иелеріне алғыс сөздерін айтып, семинар тақырыбының өзектілігін атап өтті.