Ерекше оқытуды қажет ететін оқушылар арасында «Абай және табиғат» атты әдеби кештің өтуі туралы
2020 жылы 26 ақпанда Өскемен қаласы әкімдігінің «№15 орта мектебінде» Абайдың 175 жылдығына арналған ерекше оқытуды қажет ететін оқушылар арасында «Абай және табиғат» атты әдеби кеш өтті. Бұл іс - шараның мақсаты - дана Абайдың тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой - толғамдарын кеңінен дәріптеу.
Әдеби кеш екі кезеңнен тұрды: бірінші кезеңде Абайдың табиғат лирикасына арналған өлеңдері туралы айтылса, екінші кезеңде шығармашылық жұмыстар жасалды. Әдеби кеш барысында оқушылар Абайдың «Жаз» «Күз», «Қыс» және «Жазғытұрым» деген өлеңдерін жатқа оқыды.
Өлеңді мәнерлеп, нақышына келтіріп оқыған оқушылар: Москвичев Кирилл, Гожеман Дмитрий, Назаров Андрей. Сонымен қатар, оқушылар Абайдың табиғат лирикасына арналған өлеңдеріне жасаған презентацияларын қорғады. Ақынның өлеңдерінде табиғаттың тек жалаң суретін ғана беріп қоймағаны туралы және оны адам өмірімен нық байланыстыра білгендігі туралы сөз қозғап, өлең жолдарынан дәлел келтіре білді.
Презентация жасап қорғаған оқушылар: Серікжан Айым, Муратова Дильнара, Түсіпбекова Алуа. Екіншінші кезеңде Абайдың портретін және жыл мезгілдерін салып, шығармашылық жұмыс жасады.
Абайдың портретін салып ерекшеленген оқушы Тоқтағанова Аяулым.
Кеш Синицына Снежананың Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындауымен аяқталды.