«Адалдық сағаты» бірыңғай республикалық акциясы бойынша өткізілген «Адалдықты мұра еткен ұлы Абай» атты сынып сағаты туралы
18 мамыр күні Өскемен қаласы әкімдігінің «А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» КММ -де Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында «Адалдықты мұра еткен ұлы Абай» атты «Адалдық сағаты» бірыңғай республикалық акциясы негізінде 9-11 сынып оқушыларымен сынып сағаттары өткізілді. Қашықтан өткізілген сынып сағаттарына Whatsapp, Zoom бағадарламалары арқылы 9-11 сынып оқушыларының барлығы, яғни 138 оқушы қатысты. Тәрбие сағаты барысында бейнематериал көрсетіліп, қара сөздер тыңдалды. Қатысушылар Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздерінің астарындаға ойды өз сөздерімен дәлелдеді. Қазіргі заман талабына сай, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасу үшін адалдықтың маңыз зор екендігіне тағы да бір рет көз жеткізді. Акция соңында оқушылар адалдық тақырыбына постер жасап, өз ойларын білдірді.