Өскемен қаласының мектерінде Ұлы Абайдың 175-жылдығына арналған «Адалдық сағаты» атты республикалық акциясын өткізу туралы
2020 жылдың 18 мамырында қала мектептері Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған "Адалдық сағаты" тақырыбында өткен бірыңғай акцияға қатысты. Бірыңғай акция барысында қала бойынша 47 мектептің 9-11 сынып оқушылары үшін Zoom платформасын қолдану арқылы сынып сағаты өткізілді.
Өскелең ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділеттілік, сенім құндылықтарын қалыптастыруға, жасөспірімдердің рухани дамуы мен сыбайлас жемқорлық қа қарсы мәдениетін дамытуға бағытталған сынып сағаты барысында оқушылар ҚР Агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы бейне дәрісін көрді.
Оқушылар жастар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптас тыру тақырыбында өткен пікірталасқа қатысты.
Өткізілген акция қорытындысы бойынша мектептер мен білім беру бөлімінің сайттарында, сондай-ақ оқушылар мен ата-аналардың әлеуметтік топтарында фото және бейнематериалдар орналастырылды..
Жалпы аталмыш акциямен 16 000 оқушы, педагогтар, ата-аналар қамтылды.