Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Абайдың 175-жылдығына арналған «Адалдық сағаты» республикалық акциясы өтті

ШҚО бойынша жмқорлыққа қарсы әрекет бойынша ҚР Агенттік Департаментінің 13.05.20ж. № 2900 хатының негізінде онлайн форматында Абайдың 175-жылдығына орай 9-11 сынып оқушыларына арналған «Адалдықты аманат еткен Ұлы Абай» «Адалдық сағаты» өткізілді. Іс-шараға 9-11 сынып оқушылары, сынып жетекшілері және мектеп әкімшілігі қатысты.

Өскелең ұрпақтың бойында адалдық, адамгершілік, әділдік, сенім құндылықтарын ұялатып, рухани жан-дүниесін және жемқорлыққа қарсы мәдениетін дамыту үшін Zoom қолдана отырып 9-11 сынып оқушыларына онлайн сынып сағаты өткізілді. «Жас Ұлан» мектепшілік комитеті аға тәлімгермен бірігіп мектеп сайтында және Инстаграммда орналастыру үшін «Ұлы Абайдың аманаты» тақырыбында мектеп оқушыларына арналған Абайдың мерейтойын атап өту шеңберінде өткізілген іс-шаралардың фотосуреттерінен ролик жасады.

« №13 орта мектебі» КММ