Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Хабарлама!

«Өскемен қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 «Қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастырудың үлгілік ережелерін және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібін бекіту туралы» бұйрығының 2-тарауының 5-тармағына сәйкес 2018 жылғы 02 сәуірдегі № 123 толықтырулар мен өгертулер енгізілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29 тамызда № 15584 тіркелген) Өскемен қаласы әкімдігінің № 49 мектебінің және № 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,12,13,14,15 20,34,40,45,46,61,70,80,96,99,106 бала-бақшалардың  қамқоршылық кеңестерінің құрамын қалыптастыру бойынша ұсыныстар қабылдауды жариялайды.

 

Қамқоршылық кеңесінің құрамына:

 

1) Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;

2) Жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестердің өкілдері;

3) Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);

4) Ата-аналар комитеті ұсынған сыныптардың, курстардың әрбір параллелінен осы білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;

5) Қайырымдылық көрсетуші (бар болса).

 

Қамқоршылық кеңестің құрамына "білім туралы"Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 мамырдағы Заңының 51-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар кірмейді.

 

Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өз өкілеттіктерін орындауы өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

 

Қамқоршылық кеңесінің өкілеттігі

Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі:

1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің құқықтарының сақталуына, сондай-ақ білім беру мекемелерінің есебіне түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;;

2) білім беру ұйымының Жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;

3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдар әзірлейді;

4) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қазақстандық азаматтардың отбасына орналастыру мәселелері бойынша шараларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

5) білім беру ұйымына қайырымдылық көмек түрінде түскен қаржы қаражатын бөлуге қатысады және оны мақсатты жұмсау туралы шешім қабылдайды;

6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныстар әзірлейді;

7) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға Қамқоршылық кеңес анықтаған білім беру ұйымының жұмысындағы кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;

8) орта білім беру ұйымы басшысының бос лауазымына орналасуға үміткерлермен әңгімелесу қорытындылары бойынша хаттамалық шешім қабылдайды және шығарады;

9) білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін сапалы көрсету туралы, қайырымдылық көмекті пайдалану туралы және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қазақстандық азаматтардың отбасына орналастыру жөнінде қабылданатын шаралар туралы есептерін тыңдайды;

10) білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;

11) білім беру ұйымының қызметімен, білім алушылар мен тәрбиеленушілерге берілген жағдайлармен танысады, білім беру ұйымы психологының қатысуымен олармен әңгімелесу өткізеді;

Білім беру ұйымының қызметкерлері (құрылымдық бөлімшелері) Қамқоршылық Кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпарат беруге көмек көрсетеді.

Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды.

Ұсыныстарды қабылдау осы хабарландыру жарияланған күннен кейін 10 жұмыс күні ішінде 2020 жылғы 17-30 шілде аралығында Өскемен қаласы, Қасым Қайсенов көшесі, 10 А мекенжайы бойынша жүзеге асырылады телефон: 26-40-59.