«Жастар арасында нашақорлықты алдын алу» тақырыбына онлайн дәріс өтті
25.09.2020 жылы Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы Өскемен қаласының білім бөлімімен бірлесіп, «Жастар арасында нашақорлықты алдын алу» тақырыбына онлайн дәріс өткізді.
Шараға қала мектептерінің 9-11 сынып оқушылары және Шығыс Қазақстан облысы колледждері мен университеттерінің студенттері (С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, Қазақстан-Американдық еркін университеті, Семей медицина университеті, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті) қатысты.
ШҚО Прокуратурасы басқармасының аға прокуроры Бауыржан Төлегенов есірткінің зияны, синтетикалық есірткінің жақындап келе жатқан қатері туралы, салауатты өмір салтын енгізу, спорттық іс-шараларға қатысу, оқу процесімен тұрақты айналысу арқылы нашақорлықтың алдын алу бойынша бірлескен күш-жігер қабылдау қажеттігі туралы айтып берді.
Сонымен қатар, Бауыржан Төлегенов 2020 жылдың басынан бастап Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша есірткі қылмысы үшін жауапкершілік күшейтілгенін түсіндірді. Қылмыстық кодексте есірткіні насихаттау мен жарнамалау үшін, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы есірткі сайттары туралы хабарлама таратқаны үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін жаңа 299-1-бап енгізілді. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының есірткі заттарын өткізу фактілерінің алдын алу, анықтау, ұсталған есірткі сатушылар туралы ақпарат берілді.
Колледждер мен университеттердің балалары мен оқушылары прокурорға сұрақтар қою мүмкіндігіне ие болды, сондай-ақ тақырыпты талқылауға белсенді қатысты.
Егер сізге есірткі заттарды заңсыз өткізумен байланысты фактілер туралы белгілі болса, бұл туралы "102" телефонына хабарлауыңызды сұраймыз.