"Қауіпсіз мектеп ортасы" республикалық акциясы
2020 жылғы 10 тамыздан 2020 жылғы 25 қыркүйекке дейін "Қауіпсіз мектеп ортасы" республикалық акциясын Өскемен қаласының білім беру ұйымдарында өткізілді.
Акцияның мақсаты: балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және профилактикалық қауіпсіздік шараларын жетілдіру.
Акция шеңберінде мектептерде өткізілген іс-шаралар мектеп ортасында құқықтық сауаттылықты арттыруға, оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыруға және қауіпсіз мектеп ортасын құруға жауапты мінез-құлық дағдыларын және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталды.
Көшеде, жолда, мектепте, балабақшада, үйде, сондай-ақ бейтаныс адамдармен қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіру бойынша қауіпсіздік сабақтары, «Қауіпсіз балалық шақ» суреттер конкурстары өтті. Өткізілген іс –шаралар күнделікті өмірде және төтенше жағдайларда қауіпсіз жүріс-тұрыстың негізгі ережелерін оқуға қызығушылықты арттырды.