Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

 «Заманауи сабақтың белгілері мен ұйымдастырылуы. Сабақты өткізуге және талдауға арналған әдістемелік ұсынымдар»  тақырыбында вебинар

2021 жылдың 17 ақпанында қалалық білім бөлімінің жоспары бойынша "Заманауи сабақтың белгілері мен ұйымдастырылуы. Сабақты өткізу және талдау бойынша әдістемелік ұсынымдар" тақырыбында вебинар өткізілді. Вебинарға қала мектептерінің жаратылыстану-ғылыми бағытындағы пәндерінің жас педагогтары қатысты. Іс-шара модераторы қалалық әдістемелік кабинет әдіскері Н. Капчикова қатысушыларды семинар бағдарламасымен таныстырып, психологиялық көңіл-күй сыйлады. № 13 ОМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Н. Дорн сабақ сапасына қойылатын заманауи талаптар туралы айтты. Өркениет дамуының қазіргі кезеңіндегі білім берудің негізгі тенденциясы - бұл ресми білім беруден тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамыту тұжырымдамасына көшу. Сабақты жоспарлау, интерактивті формалар мен әдістерді қолдану бойынша тәжірибелерімен Заки Ахметов атындағы № 16 орта мектебінің химия, биология және география пәні мұғалімдері А. Қашқанова, Н.Есқожаева, А. Қалдыбаев бөлісті. Семинар барысында қатысушылар заманауи сабақ дегеніміз не және сабақты жоспарлау кезінде қандай талаптар қойылады деген сұрақтарға жауап берді.