Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

"Менің сүйікті кітабым" атты челлендж

"Оқитын мектеп-оқитын ұлт" арнайы жобасын жүзеге асыру аясында Өскемен қаласының «№ 6 орта мектебі» КММ оқушылары арасында "Менің сүйікті кітабым" атты челлендж өтті. Оқушылар сүйікті кітаптарына бейне шолу жасады, олар шығарманың сюжеті мен кейіпкерлері туралы қысқаша айтып берді. Әсіресе бастауыш сынып оқушылары белсенді қатысып, нәтижесінде олар өздерінің кітаптарымен бөлісе бастады. Барлық бейнелер мектептің инстаграм парақшасында орналастырылды.