Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Менің сүйікті кітабым»  тақырыбына кітапханалық челлендж

«Оқитын мектеп» жобасы аясында ақпан айында Өскемен қаласы бойынша «№ 5 орта мектеп» КММ-де «Менің сүйікті кітабым»  тақырыбына кітапханалық челлендж  ұйымдастырылуда. Бұл шараның мақсаты – оқырмандарды кітап оқуға кеңінен тарту. Осыған байланысты, мектеп оқушыларына өз әсерлерімен бөлісіп, сүйікті кітаптары туралы әңгімелеу ұсынылды. Балалар сүйікті кітаптары туралы әңгімелеу үшін, бейнероликтер түсірді. Бұл шара туралы мәліметтер мектептің Instagram парақшасында жарияланатын болады.