«Қашықтықтан оқыту жағдайында қазақ тілі мен әдебиетінен білім алушылардың олқылықтарын жою жолдары» тақырыбында онлайн режимінде қалалық вебинар
2021 жыл 17 ақпанда Өскемен қаласының білім бөлімінің ҚӘК-нің әдіскері З.С. Скакова ұйымдастыруымен «Қашықтықтан оқыту жағдайында қазақ тілі мен әдебиетінен білім алушылардың олқылықтарын жою жолдары» тақырыбында онлайн режимінде қалалық вебинар өтті.
Вебинарға қала мектептерінен 48 мұғалім қатысты. Вебинар барысында қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері білім беру платформаларын пайдалану бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№42 орта мектебі» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.А. Калиакперова мектептің 2020 -2021 оқу жылы бойынша білімінде олқылықтары бар оқушылармен жұмыс жоспарымен танстырып өтті.
Мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері М.Б.Аскетаева, А.Н.Назбиева, Г.О.Сергазинова, Г.Г.Нарбинова, С.Қ.Қабылова, А.К.Аманжолова, Т.М. Калиева өз іс-тәжірибелерін ортаға салды.
Вебинар қорытындысы бойынша пән бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды жойып, білім сапасын арттыру бойынша ұсыныстар берілді.