«PISA және PIRLS стардарттары бойынша инновациялық тәжірибемен алмасу» вебинарына қатысу
2021 жылғы 18 ақпан күні ШҚО ББ Шығыс Қазақстан өңірлік білім берудегі жаңа технологиялар орталығы Татарстан Республикасы педагогтарының қатысуымен «PISA және PIRLS стардарттары бойынша инновациялық тәжірибемен алмасу» тақырыбында халықаралық онлайн - семинар өткізді.
Семинарға халықаралық зерттеулерді жүргізуге жетекшілік ететін қала мектептері директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Семинар барысында ШҚО ББ Білім берудегі жаңа технологиялар өңірлік орталығының мамандары А.Муқанова, Ю.Юрова қатысушыларды PISA және PIRLS халықаралық зерттеулеріне ШҚО оқушыларының қатысу мониторингімен және осы зерттеулерге дайындықты ұйымдастыру туралы айтып берді.
ШҚО облыстық мамандандырылған ІТ мектеп-лицейі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, Қазан қаласының лингвистикалық мектебінің және ҚФУ ІТ лицейінің өкілдері халықаралық зерттеулерге дайындық бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Қазан қаласының лингвистикалық мектебі мен ҚФУ ІТ лицейінің өкілдері халықаралық зерттеулерге дайындық бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің № 39 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің педагог-психологы М. Бородина PISA және PIRLS зерттеулеріне дайындық кезінде педагогтар мен оқушыларды психологиялық сүйемелдеуі туралы айтты.