Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Қашықтықтан оқыту жағдайында қоғамдық пәндер бойынша білім сапасын басқарудағы мектептің әдістемелік қызметінің рөлі

2021 жылы 24 ақпанда білім бөлімінде «Қашықтықтан оқыту жағдайында қоғамдық пәндер бойынша білім сапасын басқарудағы мектеп әдістемелік қызметінің рөлі» тақырыбында әдістемелік кеңес өтті. Әдістемелік кеңеске қала мектептері директорларының оқу ісі жөніндегі қоғамдық пәндерге жауап беретін орынбасарлары қатысты. ҚӘК әдіскері Л.С.Сапарова қашықтықтан оқыту жағдайында қоғамдық пәндер бойынша білім сапасын басқарудағы мектептің әдістемелік қызметінің рөлі туралы айтты.
№ 10 мектеп-гимназия директорының орынбасары Л.А.Фоминых
қашықтықтан оқыту жағдайындағы мектепішілік бақылаудың ерекшеліктері туралы өз ойын ортаға салса, № 38 гимназиясы директорының орынбасары Г.А.Парубова қашықтықтан оқыту жағдайында пәндер бойынша білім сапасының мониторингісін бақылау тәжірибесімен бөлісті.

Әдістемелік кеңестің нәтижелері бойынша ұсыныстар жасалды.