Жас педагог психологтарға арналған сеимнар-практикумы
Өскемен қаласы білім бөлімінің әдістемелік қызметі жаңадан еңбек жолын бастаған педагог - психологтарға арнап «Балалар - ата - аналардың өзара іс-қимылы. Эмоционалды жағдайды қалпына келтіру және нығайту үшін stress - management әдістерін қолданудың тиімділігі» атты семинар - практикум өткізді.
Семинардың мақсаты: ата - аналардың эмоционалды күйзеліс синдромының алдын - алу және олардың ресурстарын қалпына келтіру; ата-ана мен бала қарым-қатынасының тиімділігін арттыру үшін өзіне - өзі көмек көрсету әдістерін қолдану.
Семинар - практикум барысында № 9 орта мектептің педагог - психологтары Н.В.Дементьева, И.А.Кауфман күйзеліс синдромын жеңуге мүмкіндік беретін ата - аналар мен балалардың эмоционалды жағдайын қалпына келтіру және нығайтудың өзекті мәселелерін қарастырды. Стресс -менеджмент әдістері, сәтті жаттығулар, ата - ана мен баланың өзара әрекеттесуі үшін ресурстар ұсынылады.