«Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының PISA білім беру жетістіктерін бағалауды халықаралық зерттеуге қатысуы " тақырыбында облыстық семинары өтті
2021 жылғы 17 наурызда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Шығыс Қазақстан білім берудегі жаңа технологиялар орталығы "Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының PISA білім беру жетістіктерін бағалауды халықаралық зерттеуге қатысуы" тақырыбында онлайн семинар өткізді. Семинарға Өскемен қаласының 5 мектебінің директорлары мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Вебинарда осы зерттеуді жүргізудің ережелері мен форматы түсіндірілді. 2021 жылдың сәуір мен мамыр аралығында PISA-2022 апробациялық зерттеуі өтеді, осы зерттеуге қала мектептері де қатысады.