Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Бүгінгі күндегі эссе жазу үлгілерінде кездесетін қиындықтар мен басқа да кездесетін мәселелер

31.03.2020 жылы «Бүгінгі күндегі эссе жазу үлгілерінде кездесетін қиындықтар мен басқа да кездесетін мәселелер» атты тақырыпта қазақ мектептерінің арасында семинар өтті.

Семинарда негізгі тақырып туралы № 3 мектеп лицейінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Б.А.Табиева өз тәжірибесін ортаға салды.

Семинарда, қала мұғалімдері бүгінгі күндегі эссеге дайындаудағы оқушылардың кейбір эссе жазғандағы кездесетін қиындықтарын талдай келе ұсыныстары мен пікірлерін білдіре білді.

№ 27 мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Б.Ш. Муканов оқушыларға эссе жазудағы оқушыға ең жеңіл түрін айтып өз тәжірибесімен бөліссе, № 33 мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі А.Торгайын эссе құрылымының жан-жақтылығын ашып көрсете білді. Сонымен қатар № 3 мектеп - лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі И.Қ.Меткенова оқушылардың көркем шығарманы түсіне оқи отырған оқушының эссе жұмысының құндылығы туралы өз тәжірибесімен бөлісе білді.

Семинар өте жоғары деңгейде өтті.