Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларымен Вебинар

2021 жылғы 29 наурызда Өскемен қаласының білім беру бөлімінің жоспары бойынша қала мектептерінің оқу ісі жөніндегі директор орынбасарларының қатысуымен "Білім алушылардың білім сапасын қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы туралы" тақырыбында вебинар өтті.

Қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинеттің меңгерушісі А.З. Нұрпейісова "Ағымдағы жылдың 3 тоқсанында қала бойынша білім сапасын талдау" тақырыбында ақпарат берді. Түлектерді қорытынды аттестаттауға дайындау бойынша жұмыс тәжірибесімен мектеп директорының орынбасарлары сөз сөйледі: № 5, 7, 20, 36, 37, 43, 44.

Вебинар қорытындысы бойынша бітірушілерді қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындау бойынша ұсыныстар қабылданды