Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Математика мұғалімдерінің қалалық семинары

2021 жылғы 31 наурызда Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес «Каникулдық мектеп» шеңберінде 11-сыныптарда жұмыс істейтін математика мұғалімдерге арналған «Қашықтықтан оқыту түрлері - түлектерді қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға тиімді дайындау құралы ретінде» атты тақырыпта семинар өткізілді. Білім бөлімінің әдіскері А.З.Нурпеисова өз сөзінде ағымдағы оқу жылының 3 тоқсанының физика пәні бойынша білім сапасына тоқталды.

Семинар барысында Өскемен қаласының № 27 орта мектебінің математика пәні мұғалімдері О.В.Кошкина, Н.Н.Моисеева, Г.С.Урустемова өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар қорытындысы бойынша білім сапасын арттыру, түлектерді қорытынды аттестаттауға дайындау бойынша ұсыныстар берілді.