Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Физика мұғалімдерінің қалалық семинары

2021 жылғы 31 наурызда Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес «Каникулдық мектеп» шеңберінде 11-сыныптарда жұмыс істейтін физика мұғалімдерге арналған «Қашықтықтан оқыту түрлері - түлектерді қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға тиімді дайындау құралы ретінде» атты тақырыпта семинар өткізілді. Білім бөлімінің әдіскері А.З.Нурпеисова өз сөзінде ағымдағы оқу жылының 3 тоқсанының физика пәні бойынша білім сапасына тоқталды.

Семинар барысында Өскемен қаласының мектептерінің физика пәні мұғалімдері И. В. Дмитриева (№ 27 ом), Т. В. Ларионова ( № 30 ом), Г.С. Абдугожанова (№ 46 ом) өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар қорытындысы бойынша білім сапасын арттыру, түлектерді қорытынды аттестаттауға дайындау бойынша ұсыныстар берілді.